Елімізде "Ерлік пен еңбек дастаны" әдеби байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасуда

Елімізде дарынды авторларды қолдауға және қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңызын көрсетуге арналған "Ерлік пен еңбек дастаны" байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасуда деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Байқау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен "Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында жарияланды.
Байқаудың негізгі мақсаты – қарапайым еңбек адамдарының өз ісіне деген адалдығы мен сүйіспеншілігін, әр мамандықтың ерекшелігін насихаттайтын туындылардың жазылуына ықпал ету арқылы еңбек адамдарын насихаттау.
Байқауға қатысатын туындыларда еңбек адамдарының ішкі жан дүниесі, басынан кешкендері, армандары мен күнделікті кездесетін қиындықтары қамтылуға тиіс. Сол арқылы қаламгерлерге халықтың ыстық ықыласына бөленген, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бірегей образдар жасау.