Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астана Опера «Қоңырау, немесе Дәріханашының неке түні» комедиялық операсын ұсынады

Астана Опера «Қоңырау, немесе Дәріханашының неке түні» комедиялық операсын ұсынады

Astana Opera Халықаралық опера академиясының тыңдаушылары 27-28 ақпанда көрермендерге италиялық композитор Гаэтано Доницеттидің шығармасы – «Қоңырау, немесе Дәріханашының неке түні» комедиялық операсын ұсынады. Бұл қойылым өзіне теңдессіз әзіл, вокалдық шеберлік пен көше театрының атмосферасын біріктіреді.
Операның сюжеті бойжеткен қыз Серафина қарт дәріханашы Дон Аннибалеге тұрмысқа шығатын кішкентай қалашықта өрбиді. Олардың неке түнінде сахнада қыздың жас ғашығы Энрико пайда болып, дәріхана қоңырауының көмегімен күлкілі және оғаш  көріністердің тұтас легін ұйымдастырады. Оның сахнаға шыққан әрбір сәті көрермендерді күлкіге қарық қылатын және таңғалдыратын нағыз спектакльге айналады.