Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Операда» Абайдың 180 жылдығына арналған концерт өтеді

«Астана Операда» Абайдың 180 жылдығына арналған концерт өтеді

Ұлы ақын-ағартушы, композитор, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Астана Операда» бірқатар маңызды іс-шара жоспарланған. Оның алғашқысы 2 наурызда К.Байсейітова атындағы Камералық залда өтетін «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» концерті болмақ.
Концерттің орындаушысы әрі идеялық шабыт берушісі – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов. Онымен бірге осынау музыкалық кешке халықаралық байқаулардың лауреаты, Astana Opera Халықаралық опера академиясының түлегі тенор Нұрсұлтан Әнуарбек және халықаралық байқаулардың лауреаты, академияның үшінші оқу маусымының тыңдаушысы сопрано Сара Садығұлова қатысады. Фортепиано партиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Раушан Бескембирова өнер көрсетеді.
Айта кету керек, бұл күні К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында композитор Еркеғали Рахмадиевтің Абай Құнанбайұлының өлеңдеріне жазған романстар топтамасы алғаш рет шырқалады. Шахимардан Әбілов бұл жеті романс қазақтың классикалық романс тарихындағы тұңғыш вокалдық топтама екенін атап өтті.