Алматыда «Мені тауып алшы» спектаклінің тұсаукесері өтті

ASSYLTAS театры алматылық өнерсүйер қауымға жаңа қойылым ұсынды. Спектакль «Мені тауып алшы» деп аталады. Драма тастанды балалар тақырыбын қозғайды. Қойылымда жетім тағдыр, анаға деген мәңгілік сағыныш суреттеледі. Режиссер Елік Нұрсұлтан осы күрдеі мәселені қозғай отырып, көпшілікке ой салғысы келген.
Махаббат пен сағыныш, адамгершілік пен зұлымдық, өмірге құштарлық пен одан баз кешу. Осының бәрі драмада қатар суреттеледі. Театр ұжымы алдағы уақытта «Мені тауып алшы» спектаклін Алматыда ғана емес, облыс орталықтарында қоюды жоспарлап отыр. Жыл аяғына дейін ел аралап қайтпақшы.