Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Биыл Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл

Биыл Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл

Биыл – Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл. Осыған орай Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қалалық мәдениет үйінде өнер тарланының ғасыр­тойына арналған салтанатты іс-шара бастау алды.
Қазақтың кең даласын күмбірлеген күймен тербеген дәулескер күйші, біртуар сазгердің шығармашылығын кеңінен насихаттауды мақсат еткен іс-шараға Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Нұрғиса Тілендиевтің қызы Дінзухра Тіленді қатысты. Сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен өнер жанашырлары болды. Өнерсүйер қауымның назарына Нұрғиса Тілендиев мемориалды музейінің жылжымалы көрмесі ұсынылды. Онда кеш қонақтары ұлы композитордың 70-тен астам жеке ­затын тамашалады.