Аида Балаева жас ақын-жазушыларға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыстады

ҚР Ұлттық музейінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен 2024 жылғы жастарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жиында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушуылар одағының стратегиялық әріптестігі аясында «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасымен жарық көрген 20 жас қаламгердің кітаптарының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері және министрлік жанынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубының мүшелері қатысты.
Министр халқымыздың негізгі құндылықтарын насихаттау – әдебиет қайраткерлеріне жүктелер ауыр әрі мәртебелі міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ, ақын-жазушылар қоғамның моральдық бағыт-бағдарын айқындайтын рухани көшбасшылар екеніне тоқталды.
Басқосуда бүгінгі әдеби тенденциялар мен өзекті мәселелер талқыланып, түрлі ұсыныс-пікірлер көтерілді