Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде «Жеңіс тарихы: әр сурет бір тағдыр» көрмесі ашылды.
Көрме майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің есімдерін ұлт жадында сақтау, құрмет көрсету мақсатында музей қорындағы екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын бейнелейтін жәдігерлер негізінде ұйымдастырылған. Музей қызметкерлерінің айтуынша, көрмеде қойылған әрбір фотосурет Жеңіске үлес қосқан адамдардың жеке тағдырын ашады.
Музей қабырғасында майдангерлердің фотоқұжаттары, марапаттары қойылған. Атап айтқанда, атқыш-ұшқыш, кіші сержант Бақтыораз Бейсекбаевтың марапаттары, Брест қамалының қабырғасынан алынған кірпіш фрагменті, Т.Бигелдинов, С.Д.Луганский, М.Ғабдуллин, С.Нұрмағамбетов, А.Хусаинов, Т.Қаумбаев және басқа да тұлғалардың жеке мұрағаттарынан алынған фотоқұжаттар бар.
Көрме аясында майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің заттарын музей қорына қабылдауға арналған «Музейге сый» шарасы өткізілді.