Жетісуды "Жаңа ғасыр" театры таңғалдырды

Талдықорғанға Алматы қаласы әкімдігінің "Жаңа ғасыр" театры гастрольдік іссапармен келіп, көрермендердің көзіне жас үйірді.
Театрдың абыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтың ғұмырдариясынан сыр тарқатқан белгілі ақын Бақыт Беделханның "Тағдыр тақтасы" атты қойылымы талдықорғандықтарды таңғалдырды. Жиылған қауым кейіпкердің талайлы тағдырына қанығып, ерекше әсер алды.
Аталған өнер ұжымы былтырда келіп, халықтың ыстық ықыласына ие болған еді. Бұл өз кезегінде екі қаладағы мәдени байланыстарды нығайтып, театр өнері арқылы Жетісу тұрғындарымен жақын танысуға жол ашады. Келген көрермендердің пікірі де маңызды.