Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда Jas Gala жастар шығармашылық фестивалі өтеді

Алматыда Jas Gala жастар шығармашылық фестивалі өтеді

5 наурыз күні Алматыда дәстүрлі қалалық студенттік «Jas Gala-2025» фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.
Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жастар саясаты басқармасының өкілдері мен ұйымдастырушылар хабарлады.
«Jas Gala» фестивалі биыл төртінші рет өтпек. Шараның басты мақсаты – талантты және креативті жастарды қолдау, студенттік шығармашылықты дамыту.
Фестиваль вокал, хореография, мобилография, театр, аспапта орындау бағыттары бойынша өткізіледі. Фестиваль университеттік, және қалалық кезеңдерден тұрады. Университеттік іріктеуден өткен талантты жастар өз оқу орнының намысын қалалық деңгейде қорғайды.