Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елімізде «Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасы көрерменге жол тартады

Елімізде «Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасы көрерменге жол тартады

Қазақ қыздарының арасынан алғашқылардың бірі болып жоғары білім алып, ағартушылықпен айналысқан тұлғалар туралы деректі фильмдер түсірілді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Астанада «Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасының таныстырылымын өткізді. Тағылымы мол жоба қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш дәрігер Аққағаз Досжанова мен Гүлсім Асфендиярованың, алғашқы мұғалім, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Құлжанова мен Хұсни-Жамал Нұрлыханованың өмір жолына арналған.
Деректі фильмнің түсірілім жұмыстары Қазақстан, Өзбекстан, Ресей елдерін қамтып, 10-нан астам қалада жүргізілді және жобаға отандық, шетелдік 50-ден аса зерттеуші атсалысты. Жобаның авторы белгілі журналист - Әлия Әшім.
Жобада бұрын соңды еш жерде айтылмаған тың деректер, архив сөрелерінде қалып бара жатқан құнды ақпарат қамтылған. Таныстырылымға қатысқан ғалымдар мен алаштанушылар бұл фильмнен болашақ ұрпақ үлкен тәрбие алатынын айтып қуанды.