Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астана Опера театрында «Музыкалық қонақ бөлмесі» циклі жалғасын табады

Астана Опера театрында «Музыкалық қонақ бөлмесі» циклі жалғасын табады

Бүгін Күләш Байсейітова атындағы Камералық залда еліктіріп әкететін махаббат әуені қайта қалықтайды. «Жүректен шыққан музыка» мерекелік концерті мазмұнды репертуарымен әрі жанға жайлы шағын атмосферасымен тыңдармандардың жүрегін баураған «Музыкалық қонақ бөлме» топтамасының жалғасы болмақ.
Бұл кеште көрермендерді қазақстандық композиторлардың әндерінен, ретро-композициялардан, өткен ғасырдағы әндер мен әлемдік классиканың танымал туындыларынан құралған нағыз музыкалық калейдоскоп күтеді.
«Жүректен шыққан музыка» концерті Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өтіп, міндетті түрде көктемгі көңіл күйдің, нәзіктік пен шабыттың атмосферасын жасайды. Жоба авторы махаббатты жырлайтын музыканы арнайы таңдап алды, бұл барлық тыңдарман үшін тамаша сый болмақ.