Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақ саз өнерінің сайыпқыраны атанған Нұрғиса Тілендиевке – 100 жыл

Қазақ саз өнерінің сайыпқыраны атанған Нұрғиса Тілендиевке – 100 жыл

Елордада атақты күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай музыкалық кеш өтті. Шараға жиналған зиялы қауым композитордың өмірі мен шығармашылық жолы туралы ойларын ортаға салып, азаматтық келбеті, сазгерлік қасиеті жөнінде естеліктерін бөлісті.
Еске алу кешінде оқушылар Нұрғиса Атабайұлының әндерін шырқады. Ал кітапхана қызметкерлері «Нұрғиса Тілендиев - 100 жыл» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Айта кетейік, белгілі композитор 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы, «Халық қаһарманы» орденінің иегері.