Жас музканттар Ханс Циммер шығармаларынан концерт берді

Алматыда жас музыканттардан құралған DA Musiq Orchestra әлемге әйгілі композитор Ханс Циммердің шығармаларынан ерекше концерт ұйымдастырды. Әйгілі фильмдердің саундтректерін тыңдау кеш қонақтарына терең әсер беріп, өнерпаздардың жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігіне куә болды.
Алматыны сазды әуенмен тербеген кеш Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жанындағы Күләш Байсейітова атындағы мамандандырылған музыкалық мектепте өтті. Концерт барысында Ханс Циммердің 12 туындысы тарту етілді.
Жас таланттардан құралған ерекше оркестр DA Musiq Orchestra – әртүрлі жастағы жас музыканттарды біріктірген ерекше симфониялық және хор ұжымы. Оркестр құрамында 5-сынып оқушыларынан бастап, консерваторияның 1-курс студенттеріне дейінгі өнерпаздар бар. Бұл – олардың аталмыш мектеп қабырғасында өткізген екінші концерті.