Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауына өтінімдер қабылдануда

І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауына өтінімдер қабылдануда

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы алғаш рет І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық мәдениет пен өнердің озық дәстүрін жаңғырту және дамыту, қазақ халқының бай мәдени музыкалық мұрасын насихаттау, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу.
Аталмыш байқау 6 номинация бойынша жүргізіледі. Атап айтсақ, «Домбыра», «Қобыз», «Прима қобыз», «Шертер», «Жетіген», «Сыбызғы» номинациялары бар.
Байқау 2 кезеңнен тұрады. I кезең (іріктеу) 2025 жылғы 26-28 наурыз аралығында онлайн форматта өтеді. «Домбыра», «Қобыз», «Сыбызғы» номинациялары бойынша ІІ кезең – 2025 жылдың 18 сәуірінде офлайн форматта ұйымдастырылады. Ал «Прима қобыз», «Шертер», «Жетіген» номинациялары бойынша ІІ кезең – 2025 жылғы 19 сәуір күні офлайн форматта өтеді.