Алматыда Асқар Дүйсенбаевтың жеке концерті өтеді

Бүгін Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында дарынды скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Скрипка» кафедрасының профессоры Асқар Дүйсеновтың жеке концерті өтеді.
Аталмыш кеш Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мерейтойына арналады.
Кеш бағдарламасында М. Сағатов, Е. Брусиловский, П. Чайковский, С. Рахманинов, Г. Венявский т.б қаламдарынан шыққан әлемдік және қазақ классикасын біріктіретін скрипка музыкасының шедевлері орындалады. Рояль партиясын халықаралық байқаулардың лауреаты Дана Дүйсенбаева орындайды. Концерт жүргізушісі әріптесіміз- Анастасия Боровикова.
Концерт – ұлттық және әлемдік мәдениеттің байлығын паш ететін шығармалармен сусындап, орындаушылықтың шыңын бағындырған музыканттың өнерімен танысу үшін ерекше мүмкіндік.