Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Лондондық танымал режиссер Павлодар театрының актерлерімен премьера дайындап жатыр

Лондондық танымал режиссер Павлодар театрының актерлерімен премьера дайындап жатыр

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрына Азия және Еуропа елдеріндегі театр ұжымдарының тәуелсіз режиссері Овлякули Ходжакули келді.
Биылғы маусымда танымал маманның атсалысуымен павлодарлық сахнада жаңа премьера ұсынылады.
Овлякули Ходжакули 1959 жылы Түрікменстанда дүниеге келген. Орталық Азия және Еуропа елдеріне танымал режиссер. Ол Георгий Товстоногов және Михаил Туманишвилидің шығармашылық зертханаларында тәжірибеден өткен, сондай-ақ ағылшын режиссері Питер Бруктың шеберлік сағаттарына қатысқан. Қазіргі уақытта Лондон қаласында тұрады. Оның режиссерлігімен 90-нан астам қойылымдар, концерттер мен фильмдер түсірілген.
Қазіргі уақытта маман Орталық Азия және Еуропа елдерінің түрлі театр ұжымдарында тәуелсіз режиссер ретінде еңбек етіп келеді.
Кәсіби маман Аймауытов театрында дайындық жұмыстарын бастап кетті. 36-шы маусымда театрымызда Бертольд Брехттің мектебі бойынша жаңа премьера қойылады деп күтіліп отыр.