Парижде Маңғыстау туралы деректі фильм көрсетілді

Парижде Франциядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Маңғыстау туралы деректі фильм көрсетілді. Туынды авторы – зерттеуші, велосаяхатшы Седрик Тассан. Ол Маңғыстау облысының Түрікменстан шекарасына дейінгі 600 шақырым аумағын жалғыз жүріп өткен. Саяхатшы сапарын бейнекамера және дронмен түсірді. СедрИк ТассАн ерекше тас шарлар жатқан Торыш және Бозжыра шатқалдары мен жерасты мешіттерін аралаған. Автор фильмді Францияның 40 қаласында көрсетуді жоспарлап отыр. Туынды қазірдің өзінде туристерді баурап алды. Бір топ велосаяхатшы француз турагенттігі арқылы бірнеше аптадан кейін Маңғыстау аймағына аттанбақ ниетте.