Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада 3 мың оқушы бір мезетте «Қамажай» биін биледі

Елордада 3 мың оқушы бір мезетте «Қамажай» биін биледі

Астанада «Наурызнама» онкүндігі аясында 3 мың оқушы қыз ұлттық киім киіп, «Қамажай» биін билеп, рекорд орнатты.
Білім басқармасы 3 мың жасөспірім қыздың бір мезетте билеуін ұйымдастыруға 1 ай уақыт жұмсағандарын айтады. Қаладағы 112 мектептен 15-17 жас аралығындағы 3 000 оқушы іріктеліп алынған. «Қамажай» биіне қатысқандардың бәрі биге қатысып жүрген өнерпаздар емес. Бишілердің 70%-ы бұрын-соңды бимен тұрақты айналыспаған қыздар. Аталмыш шарада олар ұлттық би билеп қана қоймай, іс-қимылдары арқылы шаңырақ пен қызғалдақты бейнеледі. Осылайша оқушылар арасында ұлттық би мен ұлттық киімге қызығушылық арттырдық дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, «Қамажай» биінің бас балетмейстрі, ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, хореограф Тәуіржан Рахат.