Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры қойылым ұсынды

Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры қойылым ұсынды

Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры «Екі тағдыр – бір өмір» атты драманы қалың көрерменге ұсынды. Бұл – өнерпаздардың биыл жеке шығармашылық ұйым болып құрылғанынан бергі алғашқы қойылымы. Режиссер Сүндет Сәрсен мен Автор Ақбота Ермаханова үміт пен күреске толы тағдыр жолын, жігер мен сенімнің жеңісі туралы хикаяны сахналап көрсетті. Спектакльдің ерекшелігі инклюзивті актерлердің қатысуында. Театр мүгедектігі бар дарынды жандарды дамыту мен қоғамға әлеуметтендіру мақсатында құрылған. Құрамында 40-қа жуық актері бар.