Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Асыл мұра» аудиожинағын көпшілік назарына ұсынды.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Асыл мұра» аудиожинағын көпшілік назарына ұсынды.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы қазақтың ұлттық өнері топтасқан 6 бөлімнен тұратын «Асыл мұра» аудиожинағын көпшілік назарына ұсынды. Жоба «Ozen» музыкалық лейблымен бірге жүзеге асқан. Енді бұл жинаққа енген 1500 аудиошығарма әлемдік 100-ден аса музыкалық платформада қолжетімді.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен қазақ халқының ұлттық ән-күйі мен фольклорлық мұрасы топтастырылған «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесері өтті. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Мемлекеттік кеңесші «Асыл мұра» аудиожинағының жарыққа шығуы және ұлттық саз өнері мұрасының әлемдік платформаларда қолжетімді болуы төл мәдениетіміздің дамуына тың серпін беретінін атап өтті.
«Асыл мұра» жинағына 20 мыңнан астам музыкалық аудиоконтент ішінен ең бағалы әрі көне 1500 аудиошығарма топтастырылды.
Жинақ еліміздегі ұлттық кітапханалар қорына, Өнер университеттерінің кітапханаларына табысталады. Ал өзге де тыңдармандар үшін сатылымға шығарылады.с