Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмі прокатқа шықты

«Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмі прокатқа шықты

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының анимациялық мультфильмдері алғаш рет кинопрокатқа шықты. Қазіргі таңда еліміздің барлық қалаларындағы кинотеатрларда «Balapan» телеарнасы түсірген «Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмінің көрсетілімі жүріп жатыр.
Бұл анимациялық жоба – кішкентай көрермендерді белгілі ғалым Шоқан Уәлихановтың ең үздік экспедицияларының бірі болған Қашқария сапарымен таныстырады. Оқиға 8 жасар Азаттың кенеттен 1858 жылға тап болуынан басталады. Ол Қашқарияға сапар шеккелі жатқан экспедитор Шоқан Уәлихановты кездестіреді. Сол сәттен бастап олардың қызыққа толы Қашқария сапары көрсетілген.
Айта кетейік, «Шоқан. Қашқария сапары» мультфильмінің мән-маңызын мемлекет басшысының өзі Бурабайда өткен құрылтайда айтқан еді. «Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет»,-деп ерекше атап өткен болатын.