Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астанада «Махаббатым сен...» драмасының премьерасы өтті

Астанада «Махаббатым сен...» драмасының премьерасы өтті

Қалибек Қуанышбаев театрының репертуары жаңа спектакльмен толықты. «Махаббатым сен...» деп аталатын драма «Нурикамал» әнінің тарихын негізге алған. Онда махаббат пен шығармашылықтың, өнер адамының жан күйзелісі мен тағдыр тартысы баяндалады. Сонымен қатар көрермен өнердің құдіретін, оның адам жанын қалай өзгертіп, қандай биіктерге жетелейтінін, кейде құрбандықты талап ететінін сезінеді. «Бұл қойылым бір ғана әннің емес, өнердің мәңгілік екендігін дәлелдейтін поэтикалық туынды», - дейді драма авторы Жәнібек Әлікен.