Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Отандық өнерпаз Новосібірде әлемдік жұлдыздардың гала-концертінде жарқын өнер көрсетті

Отандық өнерпаз Новосібірде әлемдік жұлдыздардың гала-концертінде жарқын өнер көрсетті

«Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова Василиса Бержанскаяның бірінші Сібір халықаралық опера фестивалінің қорытындысына айналған әлемдік деңгейдегі опера жұлдыздарының Гала-концертінде өнер көрсетті.
Аталмыш шара Новосібір мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті. Қазақстандық опера әншісімен бірге фестивальдің жабылу салтанатына түрлі елдерден танымал вокалистер, атап айтсақ италиялық тенор Витторио Григоло, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Грэмми» және «Золотая маска» сыйлықтарының иегері бас Ильдар Абдразаков, Өзбекстанның халық әртісі Женисбек Пиязов, сондай-ақ фестивальдің шабыт берушісі әрі ұйымдастырушысы – меццо-сопрано Василиса Бержанская қатысты.