Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады

Семейдегі Ф. М. Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театры Санкт-Петербургте спектакль қояды.
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде айтылғандай, соғыс тақырыбындағы қойылым "Ресейдегі кездесулер" атты орыс театрларының фестивалінде көрсетіледі. Спектакль майдан әдебиетінің шебері Борис Васильевтің әңгімесі желісімен сахналанған.
Айта кету керек, Семей театры тіпті соғыс жылдарында да жұмысын тоқтатпаған. Көптеген театр артистары майданға кетіп, елде қалғандары сахнада өнер көрсеткен.
Театр өз тарихына адал және бүгінгі күнге дейін оның репертуарында патриоттық әрі әскери тақырыптар ерекше орын алады.
Сонымен қатар театр директоры Раушан Танысбаева Санкт-Петербургте фестивальдің басқа қонақтарымен бірге шетелдегі орыс театрларының жобаларына және Ұлы Жеңістің мерейтойына арналған халықаралық конференцияға қатысады.
Бағдарламаға Жеңістің 80 жылдығына арналған премьералық спектакльдер мен Абхазия, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресейдің жетекші шығармашылық ұжымдарының қойылымдары кіреді.