Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астанада «Күн барлығына нұрын төгеді» қайырымдылық концерті өтті

Астанада «Күн барлығына нұрын төгеді» қайырымдылық концерті өтті

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні аясында «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залы сахнасында «Күн барлығына нұрын төгеді» қайырымдылық концерті өтті. Шараға қатысқан түрлі диагноздары бар балалар үшін еліміздің бас театрларының біріндегі бұл өнер көрсету нағыз жетістік болды.
«Астана Опера» қайырымдылық қызметін 12 театр маусымы бойы белсенді жалғастырып келеді. Мұндай шаралар театрдың ізгі амалдарға бастап, қуаныш сыйлай алатынын дәлелдейді.
Осынау концерттің ұйымдастырушыларының бірі, Abaqus-daryn білім қорының жетекшісі Дархан Әжмолдаевтың айтуынша, балалар осынау шараға үлкен құштарлықпен дайындалған.
Өткен жылдары концерт камералық сипатта өткізіліп келсе, бұл жолы шара ойластырылған режиссерлік шешімдермен, сондай-ақ өнер мен шоу-бизнестен танымал тұлғалардың қатысуымен ауқымды форматқа ие болды.