Астанада «Жан Dostar: Бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті

Астанада «Жан Dostar: Бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға еліміздің әр түкпірінен 500-ге жуық қатысушы келді. Жас өрендер елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің әнін шырқап, биін биледі. Жалпы айтқанда, тағдыры бір арнада тоғысқан барша ұлт пен ұлыстың мәдениетін көрсетті. Мақсат - балалар шығармашылығын дамыту әрі өзара достықты нығайту,-дейді ұйымдастырушылар.