Елімізде «Франкофония көктемі - 2025» фестивалі өтеді

Елімізде екі ай бойы Франкофония көктемі фестивалі өтеді. Қазақстан халқына француз тілінің және франкофон елдер мәдениеттерін таныстыру мақсатында сәуір және мамыр айларында бірнеше ел бірігіп, мәдени шара ұйымдастырмақ. Олардың қатарында Армения, Бельгия, Латвия, Румыния, Швейцария және Франция елдерінің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктері бар. Іс-шараның бас серіктестері – Қазақстандағы Француз Альянстарының желісі және франкофон ассоциациялары.