Астана Опера артистары Санкт-Петерборда өнер көрсетеді

Дүние жүзіндегі балет өнері жанкүйерлеріне кеңінен танымал қазақстандық артис, «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан мен елордалық театрдың жарқын солисі Анастасия Заклинская Санкт-Петерборда «Андрис Лиепа 6:0» гала-концертінде өнер көрсетеді.
Мерейтойлық балет кеші 22 сәуірде «Қолтаңбалар мен бейнелер» жобасы аясында «Октябрьский» Үлкен концерт залында өтеді.
Әлемнің балеттік астанасындағы хореографиялық өнер мерекесінде қазақстандық жұлдыздармен бірге Венгрия Ұлттық Операсының, Үлкен, Мариинский және Михайловский театрларының, К.Станиславский және Вл.Немирович-Данченко атындағы Мәскеу Академиялық Музыкалық театрының прималары мен премьерлері, сондай-ақ басқа да солистер өнер көрсетеді.