Елімізде «ULY DALA ÚNI» бірінші халықаралық вокал және хор фестивалі бастау алды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан мен шетелден келген 30-дан астам кәсіби және әуесқой хор ұжымдарын біріктіретін ауқымды шара – «ULY DALA ÚNI» бірінші халықаралық вокал және хор фестивалі өтіп жатыр.
Фестиваль орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетуге, сондай-ақ Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде хор дәстүрінің рөлін айшықтауға бағытталған. Үш күндік бағдарламада хор музыкасының концерттері, жетекші сарапшылардың ашық шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылып жатыр.
«ULY DALA ÚNI» бірінші халықаралық вокал және хор фестивалі – шығармашылық мектептер мен ұрпақтар арасындағы сұхбат алаңы, хор өнерін насихаттау және музыкалық мәдениет саласындағы халықаралық байланыстарды нығайту.