Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда Халықаралық фольклорлық музыка фестивалі өтеді

Алматыда Халықаралық фольклорлық музыка фестивалі өтеді

22–23 сәуір күндері  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Көне аспаптар шеруі» Халықаралық  фольклорлық музыка фестивалі өтеді.
Іс-шараның мақсаты – қазақ музыка мәдениетінің алуан түрлілігі мен тереңдігін көрсететін аспаптық орындаушылықтың сирек кездесетін және ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерін сақтау және насихаттау.
Қазақ дәстүрі музыкалық аспаптарға өте бай: домбыра мен қобызбен қатар ұлт мәдениетінде ғасырлар бойы сыбызғы, жетіген, сазсырнай, шертер, дабыл және тағы басқа аспаптар берік орын алған. Аталған көне аспаптардың әуендері мәдени жадымыздың ажырамас бөлігіне айналды.
Фестивальда Қазақстан, Қытай, Ресей және басқа елдерден халық аспаптарын меңгерген шеберлер, орындаушылар мен зерттеушілер бас қосады.
Ауқымды мәдени іс-шара көне аспаптардың дыбыстарын қайта жаңғырту және оларды заманауи музыкалық тәжірибеге енгізуге бағытталған.