Астанада «Серпер» ұлттық өнер байқауы қорытындыланды

«Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында I Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауының жеңімпаздары анықталды. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.
Байқау ұлттық өнерді ұлықтап, жас таланттарды анықтап, төл өнерді дәріптеуге бағытталған. Өнер додасына 6 номинация бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам үміткерден өтінім қабылданды.
Байқаудың бірінші кезеңі онлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушылардың бейнематериалдары іріктеліп, 42 қатысушы екінші кезеңге жолдама алды. Үміткерлер қазылар алқасының алдында өнер көрсетіп, өз шеберліктерін паш етті. Қазылар шешімімен әр номинация бойынша жүзден жүйрік шыққан жастар Гала-концерт аясында марапатталды.