Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақ суретшілері Дубайдағы халықаралық көрмеге қатысып жатыр

Қазақ суретшілері Дубайдағы халықаралық көрмеге қатысып жатыр

Қазақ суретшілері Дубай халықаралық арт-көрмесіне қатысып жатыр. Дәстүрлі іс-шарада жасанды зердені тиімді пайдалану және шығармашылық идеяны коммерциялау бағытындағы бастамалар таныстырылды. Көрмеде бірнеше төл туынды көпшілік назарына ұсынылды. Солардың бір парасын Алтынай Исламбекқызы мен Ләйла Жарқын әзірлеген. Алматылық суретшілер қыштан және киізден түрлі бұйым жасауды тұрақты кәсіпке айналдырған. Қол еңбегінің қай-қайсы да қазақы тұрмыс-салт пен ұлт болмысын айшықтайды. Қазір мұндай бұйымдар ғимараттар мен бөлме ішін сәндеуге кеңінен қолданылып жүр. Отандастарымыз ел ішінен және шет мемлекеттерден тапсырыстар қабылдайды. Сондықтан халықаралық көрме мейманы атанып отыр. Іс-шара аясында олар өз еңбектерін таныстырып қана қоймай, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты.