«Көне аспаптар шеруі» халықаралық фольклорлық музыка фестивалі өз мәресіне жетті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Көне аспаптар шеруі» халықаралық фольклорлық музыка фестивалі өз мәресіне жетті.
Айта кетейік, іс-шараның мақсаты – қазақтың бай музыка мәдениеті мен тереңдігін көрсететін аспаптық орындаушылықтың сирек кездесетін және ұмыт болып бара жатқан дәстүрін сақтау және насихаттау. Фестиваль ұрпақтар сабақтастығы, мәдениеттер мен орындаушылық мектептер арасындағы диалог үшін ерекше алаңға айналды.
Бағдарламада аспаптардың жасалу технологиясы мен тарихы туралы шеберлік сабақтар мен арнайы дәрістер, фольклорлық аспаптарды сақтау және өндіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел, шығармашылық кездесулер, ұстаздар, студенттер және шақырылған орындаушылардың қатысуымен концерттер ұйымдастырылды.