Өзбекстанда Абайдың 180 жылдығы кеңінен тойланып жатыр

Өзбекстанда Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай түрлі мәдени және әдеби іс-шаралар легі басталып кетті. Бұл игі бастама екі ел арасындағы достық пен рухани ынтымақтастықтың жарқын көрінісі ретінде жоғары бағаланып отыр.
Осындай тағылымды шаралардың бірі Науаи облысы, Үшқұдық ауданына қарасты, әйгілі Шәмші әніне қосқан Мыңбұлақ ауылындағы мектепте өтті. Оқушылар ақын шығармашылығын кеңінен насихаттап, оның өнегелі өмір жолын тереңірек тануға мүмкіндік алды.
– Абай – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің рухани шамшырағы. Өзбек жұртшылығы да оны терең құрметтейді. Абайдың даналық сөзі, адамгершілікке үндеген ілімі – бүгінгі заманмен үндесіп жатыр, - деді облыстық мәдени орталық басшысы Серіжан Жанахметов.