Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«BIRLIK» ән-би ансамблі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты концертте өнер көрсетті

«BIRLIK» ән-би ансамблі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты концертте өнер көрсетті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» концерт залында «BIRLIK» ән-би ансамблінің Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған концерті өтті.
Концерттің құрметті қонақтары Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, сондай-ақ ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері болды.
Көрерменге түрлі этностардың ұлттық биі мен әндері ұсынылды. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан қазақстандық этностардың бірлігін бейнелейтін «Сені сүйемін, Қазақстан» вокалдық-хореографиялық қойылым мерекелік кештің көркін келтірді.