Елімізде «Жанымның сыбыры» көрмесі ашылды

«Almaty Gallery» көрме залында танымал суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «ҚР Суретшілер академиясы» ҚК корреспондент-мүшесі, «Таң-Шолпан» Халықаралық әйелдер қорының мүшесі – Айжан-Сара Жансейітованың «Жанымның сыбыры» атауымен шығармашылық жеке көрмесі ашылды. Аталмыш көрме шаһар тұрғындары үшін аса маңызды мәдени шараға айналды. Көрмеге қылқалам шеберінің 50-ден астам туындысы қойылды.
Суретші осынау бекзат өнер арқылы табиғат пен адам жанын, жер мен ғарыштың арасында терең байланысты ашып көрсетті. Айжан-Сара Жансейітованың көрмесіне қатысқан көрнекті өнертанушылар мен мәдениет қайраткерлері оның өнеріне жоғары баға берді. Көрменің ашылуында сөз сөйлеген қонақтар арасында еліміздің ең үздік суретшілері, өнертанушылар мен мәдениет саласындағы жетекші тұлғалар болды. Көрме суретшінің анасы, танымал ақын Айша Көпжасарованың ақжарма жыр шумақтарымен басталды.