Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қызылордада халықаралық театрлар фестивалі өтіп жатыр

Қызылордада халықаралық театрлар фестивалі өтіп жатыр

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай КСРО Халық артисі Сәбира Майқанова атындағы халықаралық театрлар фестивалі ашылды.
Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Халық артисі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық артисі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов қатысты.
Салтанатты рәсімде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәдениет және руханият саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жиында өңір мәдениетіне елеулі үлес қосқан сала мамандары марапатталды.
Фестиваль 25-30 сәуір аралығында өтіп жатыр. Оған Грузия, Румыния, Қырғызстан мемлекеттерінен, Жезқазған, Семей, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Қостанай және Алматы облыстарынан театрлар қатысуда.
Бағдарламада Островский, Шекспир, Маркес, Айтматов сынды әлем және түркі әдебиетінің классиктерінің туындылары, сондай-ақ қазіргі қазақ драматургиясының үздік шығармалары көрермен назарына ұсынылып жатыр. Театрсүйер қауым драма, трагедия, комедия, перформанс және эксперименталды қойылымдарды тамашалай алады.