Абу-Дабиде дәстүрлі халықаралық кітап жәрмеңкесі басталды

Абу-Дабиде дәстүрлі халықаралық кітап жәрмеңкесі басталды. Бір апта бойы өтетін ауқымды іс-шара аясында қазақ баспа үйлерінен шыққан 100-ге жуық туынды көпшілік назарына ұсынылды. Бұл іске «Номад мәдениет қоры» мен Қазақстан баспагерлері қауымдастығы ұйытқы болды. Жәрмеңке қатысушыларының қатарында «Ұлттық кітап» байқауында жеңіске жетіп, озық еңбектерімен танылған ағартушылық бағытта жұмыс істейтін бірнеше баспа бар. Араб жеріндегі көрме әр елдің әдебиетін насихаттауды, жаһандық деңгейде білім мен идея алмасуды көздейді.