Қазақ композиторының камералық шығармалары Германияда шырқалды

Германияның Дюссельдорф қаласында композитор Төлеген Мұхамеджановтың әндері шырқалды. Алғашқы камералық шығармаларынан тұратын авторлық кешін өткізген өнер иесі қалың көрерменнің қошеметіне бөленді. Тарихта тұңғыш рет қазақ композиторының камералық шығармалары Германияда шырқалды. Қазақтың ұлттық үні Еуропаның талғампаз тыңдарманының жүрегіне жетіп, ерекше көңіл күйге бөледі.
Төлеген Мұхамеджановтың авторлық кешінің Германияның Дюссельдорф қаласында өтуінің өзіндік себебі бар. Бетховен, Малер, Вагнер сияқты ұлылардың ізі қалған бұл ел камералық музыканың отаны саналады. Неміс халқы Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваны жақсы біледі. Ол композитордың авторлық кешінде ішкі жан-дүниені ашуға мүмкіндік беретін жанрдағы сопраноны орындады.
Патша көңіл тыңдарманға фортепианолық трио, квинтет, сондай-ақ Ли Бай өлеңдеріне жазылған вокалдық цикл ұсынылды. Сондай-ақ композитордың авторлық кеші қазақтың ұлттық сарыны мен Еуропаның композиция бойынша техникасы үйлескен камералық шығармаларымен ерекшеленді.