Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Балет» театры Алматыға гастрольдік сапармен келді

«Астана Балет» театры Алматыға гастрольдік сапармен келді

«Астана Балет» театры дәстүрлі гастрольдік сапармен Алматы қаласында өнер көрсетуде. 10-18 мамыр аралығында ұжым Almaty Theatre сахнасында классикалық балет, халық билері, заманауи хореография мен симфониялық музыканы біріктіретін мазмұнды әрі көп жанрлы бағдарлама ұсынады.
Гастрольдік бағдарлама 10-11 мамыр күндері Blind Forgiveness рок-балетімен ашылды. Бұл – театр репертуарындағы ерекше әрі жаңашыл қойылым. Қоюшы-балетмейстер Кирилл Радев туындыда неоклассикалық пластиканы заманауи би мен театрлық монологпен шебер үйлестіре отырып, адам бойындағы күрделі сезімдер мен ішкі тартыстар туралы терең ой қозғайды.
Ал бүгін көрермен қауымға еліміздің симфониялық оркестрі мен әлемге әйгілі скрипкашы Ержан Құлыбаевтың орындауындағы ерекше концерт ұсынылады. Бағдарламада Антонио Вивальдидің атақты «Жыл мезгілдері» және аргентиналық маэстро Астор Пьяццолланың осы шығарманың танго стиліндегі интерпретациясы орындалады.