Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Вячеслав Люй-коның кескіндемесі мен графикасы» көрмесі ашылды

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Вячеслав Люй-коның кескіндемесі мен графикасы» көрмесі ашылды

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Вячеслав Люй-коның кескіндемесі мен графикасы» көрмесі ашылды. Экспозицияда суретшінің соңғы үш жылда салған сексеннен астам кескіндемелік және графикалық туындысы қойылған. Аталған көрме — уақыт тынысы, өмірдің мәңгілік сұрақтары мен мәдени дәстүрлердің ұлылығы тоғысқан өнер мен философияның үйлесімі.
Вячеслав Люй-ко — Қазақстандағы ең сұранысқа ие суретшілердің бірі. Ол қылқалам мен қарындашты бірдей шебер меңгерген, өзіндік қайталанбас әрі бірден танылатын стилімен ерекшеленеді. Суретшінің туындылары — классика мен заманауилықтың, мистикалық сарын мен философиялық тереңдіктің, ирония мен жұмбақтың, астарлы мағына мен ортағасырлық фарстың, бүгінгі күн мен өткен дәуір шежіресінің ерекше үйлесімі.
Бұл шығармалар тек сыртқы шындықты бейнелеумен шектелмей, көрерменді ішкі жан дүниесіне үңіліп, терең философиялық толғаныстарға жетелейді. Аталмыш көрме осы жылдың 23 мамырына дейін жалғасады.