Елордада «Тарлан» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Елордада «Тарлан» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Кинотуынды Қазақстанның AlmaPictures және Татарстанның «Татаркино» киностудияларының бірлескен жобасы. Картина мазмұны татар әдебиетінің классигі Ғалымжан Ибрагимовтың «Алмачуар» әңгімесіне негізделген.
Бұл – Зәкір есімді бала мен оның Тарлан атты тұлпары арасындағы жүрек тебірентерлік достық хикаясы. Фильм баланың ер жетуі, жалғыздықпен күресі және ішкі рухани дамуы тақырыптарын қозғайды. Басты кейіпкер шынайылық пен адалдықты жануар досынан табады. Айта кетейік, жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асты.