Опера әншісі З.Алтынбаеваның шығармашылық концерті өтті

Алматыда опера әншісі Зарина Алтынбаеваның жеке концерті өтті. Кеште әр дәуірдің шығармаларына негізделген әндер шырқалып, ұлттық мұра мен заманауи музыка үндестік тапты. Сондай-ақ, Александр Затаевичтің жазбалары бойынша жазылған көне әндер, халық және классикалық туындылардың өңделген нұсқасы, отандық композиторлардың шығармалары орындалды. Әндердің басым бөлігі әзербайжан, татар, қырғыз, иран,өзбек, ұйғыр, қазақ тілінде айтылды. Талантты әнші концерттік бағдарламаны бес жыл бойы жинақтаған.