Қазақстан мен Қырғызстан ақындары Еуропа төрінде айтысты

Бауырлас елдердің өнерпаздары Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде сайысқа түсті.
Айтыс – қазақ пен қырғыздың ежелден қалыптасқан суырып салып айтысатын жыр сайысы. Қазақтар домбырамен, қырғыздар комузымен айтысады.
Достастық кездесу 2015 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылықтарының тізіміне енген, екі елге ортақ теңдессіз өнердің 10 жылдығына орайы ұйымдастырылды.
Іс-шара қазақ және қырғыз тілдерінде өтті. «Айтыш Франс» қоғамдық қоры, «Аманат» саяси партиясы, Халықаралық айтыс, жыршы-термеші одағы, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан мен Қырғызстанның тұрақты өкілдері қолдау көрсетті.