Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Биыл мемлекет қаражатына 17 фильм түсіріледі

Биыл мемлекет қаражатына 17 фильм түсіріледі

Соңғы 6 жылда елде мемлекеттік қаражатқа 117 киножоба таспаланған. Нақтырақ айтсақ, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» көмегімен 72 көркем фильм, 37 деректі және  8 анимациялық туынды түсіріліпті. Жақында Мемлекет басшысы кино саласына қатысты мәселелерге арнайы тоқталып, қазақ киносының дамуы үшін сапалы, көркемдік деңгейі жоғары туындыларды көбейту қажеттігін атап өтті. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен фильм түсірсем дейтін шығармашылық топтар жеткілікті. Биыл жаңартылған талап бойынша жарияланған конкурсқа 444 өтінім түсіп, 128 жоба іріктеліп алынған. Айта кетейік, бүгінде киногерлер екі кезеңнен тұратын қатаң іріктеуден өтуі керек. Әуелі сценарийге мұқият мән беріледі.  
Ұлттық киноны қолдау осы жылы да жалғасады. Биыл 17 жаңа фильм түсіріледі екен. Оның қатарында әлеуметтік, анимациялық және дебюттік фильмдер бар. Мысалы, «Кенжем қайда?» отбасы құндылығын, «Ақжелең» махаббат пен аналарға деген құрметті суреттейді. «38» фильмі орманшылар жайлы алғашқы кинокартина болмақ.