Етік киген мысық балаларды театрға шақырады

Балаларды қорғау күні қарсаңында жас театр сүйер қауымның назарына «Астана Операда» қызықты бағдарлама ұсынылады. Сонымен, 24-25 мамырда «Опералия» халықаралық фестивалі аясында К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында Шарль Перроның танымал ертегі желісі бойынша Цезарь Кюидің балаларға арналған
«Етік киген мысық» операсы өтеді. Ал 28 мамырда «Астана Опера» балалар театр студиясының дарынды артистары осы залда «Балалар театрға шақырады» дәстүрлі концертімен өнер көрсетеді.
Басқа да көптеген спектакльдердегідей, «Етік киген мысық» опера-ертегісінің де кейіпкерлерін қазақстандық көрермендерге жақсы таныс опера труппасының солистерімен бірге театрдың балалар хорының дарынды тәрбиеленушілері орындайды. Жас артистар қойылымдар мен концерттерде көрермендерге өз өнерлерін тарту етіп, өнер көрсетулерге ересек әріптестерінен кем дайындалмайды.
Осынау кеште көрермендерді театрға өздерінің сыңғырлаған дауыстарымен балалар шақырады сондай ақ Джакомо Пуччинидің «Богема», «Турандот» және Жорж Бизенің «Кармен» опералық спектакльдеріндегі өнер көрсетулер күтеді. Бұл спектакльдер көрермендер аудиториясының назарына «Опералия» халықаралық фестивалі аясында ұсынылады.