Н. Сац атындағы аңызға айналған балалар театры Оқушылар сарайында спектакль қойды

Алматыда Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Күрделі жөндеу кезінде театрдың атақты ұжымы қойылымдарын қалалық Оқушылар сарайының жаңартылған Үлкен концерт залында қояды. Бұл кеңістік толықтай жаңартылып, ерекше акустика сақталып қалды: дыбыс шағылыстырушы төбе жүйесі қайта орнатылып, заманауи айналмалы сахна механизмдері, жаңа кулисалар, шымылдық, жарық және дыбыс құрылғылары, сондай-ақ, электрмен қамту жүйесі жаңартылды.
Жаңа сахнада алғаш қойылған спектакль – «Күлшеқыз» ертегісі болды. Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.