Қазақ композиторы Канн фестиваліне қатысты

Отандық музыкант Канн фестивалінде өнер көрсетті. Қазақстандық кинокомпозитор Айжан Нұркенова жас режиссёрлар мен кино мектептердің түлектеріне арналған өнер додасында бақ сынады.
Ол “Эфир” қысқаметражды фильмді музыкамен әрлеген. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі қазір Ұлыбританияда Ұлттық кино және телевизия мектебінің магистратурасында оқып жатыр. Талантты пианист әрі композитор бұған дейін Италия, Германия, Швейцария және басқа да елдерде жеке концерт берген. Канн кинофестивалінен бөлек, Айжан Нұркенова музыкасын жазған аудио-драма жақында Нью-Йоркте өткен радио байқауда бас жүлде мен алтын медальге ие болды.