Лондондық режиссер Павлодар театрында Брехтің «Пері қатын» драмасын сахналады

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы көрерменге неміс да Бертольт Брехтің «Пері қатын» драмалық абсурдын ұсынды.
Премьералық қойылымның қоюшы режиссері - Азия және Еуропа елдеріндегі театр ұжымдарының тәуелсіз режиссері Овлякули Ходжакули. Қойылымды аударған – Асылбек Ихсанов.
Шығармадағы оқиға Орталық Еуропадағы 1618-1648 жылдар аралығында орын алған отыз жылдық соғыс барысында өрбігені мәлім. Ал Жүсіпбек театрының нұсқасы бойынша сахналанған қойылым соғыстағы жағдай адамзат тарихының кез келген мерзімінде орын алуы мүмкін екеніне меңзейді.
Драмалық абсурдта дала театры, пластикалық театр, би театры және музыкалық театр сияқты бірнеше жанрдың тоғысы бар. Кейде төтеннен заманауи бидің ырғағы ілестіріп әкетсе, енді бірде «Қыз Жібектің» ариясы, «Сүгірдің термесі» орындалып жатты. Осының барлығын режиссер мен актерлер қиюластырып, келістіре білгені де шеберлік.