Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Сыр елінде «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» республикалық айтысы өтті

Сыр елінде «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда»  республикалық айтысы өтті

Қызылордада қаланың Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасының астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» республикалық ақындар айтысы өтті.
Тарих беттеріндегі айтулы оқиғаларды жырға қосып, елдің өткені мен бүгінін жас ұрпақ жадында жаңғыртуды мақсат еткен жыр додасына республиканың түкпір-түкпірінен 12 ақын қатысты.
Айтысты ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев жүргізді. Ал қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Сауытбек Әбдірахманов, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Жүрсін Ерман және тағы басқалар болды.